Қазақстандықтардың орташа жалақысы доллармен есептегенде 10 жыл бұрынғы деңгейде қалған

Қазақстандықтардың орташа жалақысы доллармен есептегенде 10 жыл бұрынғы деңгейде қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DataHub FCBK Telegram-арнасына сілтеме жасап.

2023 жыл III тоқсанның қорытындысы бойынша, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 350 542 теңге болған. Бұл доллармен шамамен 770 доллар. 

10 жыл бұрын да осы көрсеткіш болған. Яғни 2013 жылы шілдеде 739 доллар болған. 


Telegram - DataHub FCBK 

Еске салайық, 26 қазанда қазақстандықтардың биылғы орташа жалақысы белгілі болған еді. 

Ұлттық статистика бюросы сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлерді қамтып, зерттеу жүргізген. Зерттеуде барлық қосымша ақы, үстемеақы, сыйақы, салық пен зейнетақы аударымы ескерілген.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 3 437,3 мың адам болған. Оның ішінде ерлер (1 683,8 мың адамды) 49 пайыз, әйелдер (1 753,5 мың адамды) 51 пайызды көрсеткен.

Орташа айлық жалақы, яғни 70 000 теңгені қызметкерлердің жалпы санынан 1,5 пайызы, 70 000-нан 150 000 теңгеге дейін 22,8 пайызы, 150 000-нан 300 000 теңгеге дейін 36,2 пайызы, 300 000-нан 600 000 теңгеге дейін 30,8 пайызы, 600 000-нан 900 000 теңгеге дейін 5,5 пайызы, 900 000-нан 1 200 000 теңгеге дейін 1,7 пайызы, 1 200 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін 0,6 пайызы, 1 500 000 теңгеден жоғары жалақыны 0,9 пайызы алған.

Сондай-ақ, бюро қызметкерлері жалақының медианалық мәнін есептепті. 2023 жылы оның мөлшері 251 356 теңге болған (2022 жылы 204 149 теңге болған еді).

Айта кетейік, медиана - барлық жалақы мөлшерін өсу ретімен орналастырғандағы тізімнің орталық мәні, нәтижесінде барлық жұмысшының жартысы одан көп, ал екінші жартысы одан аз алады деген сөз.

Бұдан бөлек, қызметкерлер жалақысының модальді мәні 81 377 теңге болады. Бұл - жұмысшылар арасында неғұрлым жиі кездесетін жалақы мөлшері.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!