Қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенімі төмендеп барады

Қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенімі төмендеп барады

2022 жылы қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін анықтау үшін жүргізілген зерттеудің қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды ranking.kz.

2022 жылдың сәуір-мамыр айларында Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасы халқының құқық қорғау органдарына сенім деңгейіне жүргізілген іріктемелік сауалнамаға қатысқандардың 58,3 пайызы тұрғылықты жерінде далада серуендеу кезінде өзін толық қауіпсіз сезінген. 

Салыстыру үшін: өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында мұндай азаматтардың үлесі 58,8 пайыз, ал бір жыл бұрын 60,6 пайыз болған.

Өзін қауіпсіз сезінбейтіндердің үлесі бір жылда 37,8 пайызға, ал өздерін толық қауіпсіз сезінбегендер 2,7 пайызға дейін төмендеген. Сұрақ қойылғандардың 0,7 пайызы өз қауіпсіздігі туралы сұраққа жауап беруге қиналған.

Сауалнама қорытындысына сәйкес 62 пайыз ер адамдар, 55 пайыз әйелдер өздерін толық қауіпсіз сезінген. Ал әйелдердің 40,6 пайызы және ерлердің 34,6 пайызы өздерін қауіпсіз сезінбейтінін айтқан.

Өзін қауіпті сезінетін әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда жоғары 3,1 пайыз. Әйелдердің 0,5 пайызы және ерлердің 0,4 пайызы өздерін мүлдем қауіпсіз сезінбейді.

Азаматтардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейі де өзгерген.

2022 жылы "құқық қорғау органдарына сенуге болады" деген пікірмен толық келісетіндердің үлесі азайған: сауалнамаға қатысқандардың 36,4 пайызы полицияға (бір жыл бұрын - 38,3 пайыз), прокуратураға - 37,5 пайыз (бір жыл бұрын - 45,9%), сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке - 24,4 пайыз.

Сонымен қатар құқық қорғау органдарына толық сенбейтіндердің үлесі де артқан: полиция органдарына жалпы сенімсіздікпен қарайтындар -2,6 пайыздан 2 пайызға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сенбейтіндер 1,2 пайыздан 1,9 пайызға, прокуратура органдарына сенбейтіндер 1,9 пайыздан 1,5 пайызға, экономикалық тергеу қызметіне сенбейтіндер 1,4 пайыздан 1,2 пайызға өскен.

Өткен жылы тұрғылықты жеріндегі қылмыс деңгейінің өскенін атап өткен азаматтардың үлесі 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында бір жылда 2,6 пайыздан 1,9 пайызға дейін төмендеді.

Қылмыс деңгейі төмендеді деп есептейтін азаматтардың үлесі 40 пайыздан 40,9 пайызға дейін өсті. Қылмыс деңгейінің өзгеріссіз қалғанын атап өткен респонденттердің үлесі 2021 жылғы сәуір-мамырдағы 34,7 пайыздан 2022 жылдың сәйкес кезеңінде 34,4 пайызға дейін төмендеді.

Г. Досымшалова