Қазақстандықтардың қарызы кешіріле ме?

Қазақстандықтардың қарызы кешіріле ме?
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандықтар жаңа салық заңнамасының қабылдануына байланысты салыққа рақымшылық жасау туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ержан Біржановтың айтуынша, салықты есептен шығару немесе төлемеу  дұрыс емес. 

"Салық – өркениетті қоғамда өмір сүру мүмкіндігі үшін төленетін баға". Бұл - Оливер Холмстың сөзі. Біздің бюджет барлық әлеуметтік қажеттіліктерді жабуға бағытталған. Яғни бір күнде салықты алып тастау немесе есептен шығару мүмкін емес. Өйткені бұл - біздің бюджетіміздің негізгі іргетасы. Сондықтан, ешқандай салық есептен шығарылмайды, бірақ біз кәсіпкерлікті ынталандыруға, инвестицияның өсуіне арналған шараларды енгізіп жатырмыз. Бұл бағыттағы шаралар қарастырылып жатыр", - деп түсіндірді шенеунік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы