Қазақстандықтардың жазғы демалысына арналған ТОП-6 ел

Жаз - саяхат маусымы. Көпшілік теңіз жағасында тынығып, жаңа қалаларды аралап, ұмытылмас әсер іздейтін кезең. Биыл қазақстандықтар таңдауы бұрынғыдан да кеңейді. Air Astana жазғы маусымдағытанымал рейстер санын көбейтіп, жаңа бағыттарды іске қосты. 

Түркия: әр кез сұраныстағы бағыт

Ең сұранысқа ие бағыттардың бірі - Түркия. Air Astana Алматы мен Астанадан Антальяға, сондай-ақ Бодрумға рейстер орындайды.  

Алматы - Анталья бағытында аптасына 14 рейс (күніне екі рет), Астана – Анталья бағытында аптасына 11 рейс орындалады. Ал Алматыдан Бодрумға аптасына 3 рейс, Астана – Бодрум бағытында 2 рейс қатынайды. 

Вьетнам: экзотика және жағажайдағы демалыс

Нячанг пен Данангқа тұрақты рейстер қатынайды. Нячанг мөлдір теңізі және дайвингке қолайлы орындарымен танымал. Алматыдан Нячангқа (Камрань) аптасына 4 рейс, ал Астанадан аптасына 3 рейс қатынайды. 

Данангтың басты байлығы - жағажайлары. Жағалау шамамен 30 шақырымға дейін созылып жатыр. Сондай-ақ алып қолдар ұстап тұрған Алтын көпір туристерді ерекше қызықтырады. Алматыдан Данангқа аптасына 3 рейс, ал Астанадан аптасына 2 рейс орындалады.

БАӘ: жаңа мүмкіндіктер

Дубай - футуристік қала. Ол туристерді зәулім ғимараттары, сафари саяхаттары және түрлі шоу-бағдарламаларымен қызықтырады. Дүниежүзілік рекордтар шоғырланған қалада тек Бурдж-Халифа емес, көпшілікті таңғалдыратын нысандар көп.

Дубайға ұшатын рейстер саны кезең-кезеңімен ұлғайтылады. Алматыдан 20–30 маусым аралығында 7 рейс орындалса, шілдеден бастап тұрақты түрде күнделікті ұшады. Астанадан 10–19 шілде аралығында 3 рейс, 20 шілдеден бастап 4 рейс, ал тамыздан бастап аптасына 7 рейске дейін көбейеді.

Кипр: Жерорта теңізіне жаңа бағыт

Жазғы кестедегі басты жаңалықтардың бірі - Ларнака бағытының ашылуы. Алматыдан рейстер аптасына екі рет - бейсенбі және жексенбі күндері, Астанадан - сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

Ларнака қауіпсіз әрі таза жағажайлары, тарихи орындары және Жерорта теңізінің ерекше атмосферасымен танымал. Ескеретін жайт, басқаларына қарағанда бұл бағытқа виза қажет. Оны 5-10 жұмыс күндері ішінде оңай ала аласыз.

Черногория мен Грузия: еуропалық атмосфера

Еуропа бағыты үшін Air Astana Черногорияның Подгорица қаласына және Грузияның Батуми мен Тбилиси қалаларына рейстер ұсынады. Подгорица - Адриа жағалауына жақын орналасқан тыныш әрі көркем қала. Алматыдан Подгорицаға аптасына 3 рейс, ал Астанадан 2 рейс қатынайды. 

Ал Батумиде зәулім ғимараттар көне кварталдармен үйлесім тапқан. Әйгілі "Әли мен Нино" мүсіні де осында. Алматы – Батуми бағытындағы рейстер саны маусымда аптасына 4 рейске, ал шілдеден бастап 5 рейске дейін көбейеді.

Суреттер: Air Astana

Тбилисиге болса Астанадан аптасына 4 рейс, ал Атыраудан 2 рейс қатынайды. 

Егер жазғы демалысыңызды шетелде өткізуді жоспарлап жүрсеңіз, бағытты қазірден таңдап, билетті ертерек рәсімдеу тиімді. 

 Жарнамалық материал