Қазақстандықтардың депозиттерде қанша ақшасы бар?

Қазақстандықтардың депозиттерде қанша ақшасы бар?
Фото: Әлихан Сариев

2023 жылдың шілдесінде Қазақстан банктеріндегі жеке тұлғалардың депозиттері 18 триллион теңгеге жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жыл басымен салыстырғанда 1,1 триллион теңгеге жоғары. Жыл басынан бері жеке тұлғалардың салымдарының өсімі бойынша Kaspi.kz көшбасшы болды. Салым 541,7 миллиард теңгеге өскен. Бұл Қазақстандағы басқа екінші деңгейдегі банктердің нәтижелерінен бірнеше есе артық. Биылғы маусымның аяғына қарай жеке тұлғалардың банктегі салымдар портфелі 4,2 триллион теңгеге жеткен.

Екінші қатарға Еуразиялық банк тұрақтаған, жеке тұлғалар депозиті 155,5 миллиард теңгеге дейін өскен - 1 триллион теңге. Үздік үштікті Freedom Finance Bank қорытындылап тұр. Депозиттер 134,4 миллиард теңгеге өсіп, 443,7 миллиард теңгеге жеткен.

"Екінші деңгейлі банктердегі депозиттер көлемінің өсуі клиенттердің депозиттерді өз қаржысын сақтау мен арттырудың сенімді құралы ретінде қарастыратынын көрсетеді", - деді сарапшылар.

Қазақстанда 21 екінші деңгейлі банк бар. Елдегі ең ірі 5 банк барлық депозиттердің 80 пайыздан астамын біріктіреді.

"Жалпы алғанда, жеке тұлғалардың ел банктеріндегі салымдары жаһандық геосаяси күйзелістерге қарамастан ұзақ мерзімді қарқынмен өсіп жатыр. Бір жыл ішінде мұндай салымдардың сомасы 4,3 триллион теңгеге өсті. Егер бес жылдық кезеңді қарастыратын болсақ, онда сома 2 еседен асады, ал он жылда - 5 есеге жуық өсті", - деді сарапшылары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан