Қазақстандықтардың бір күндік жалақысы АҚШ-та өрттен зардап шеккендерге аударылатыны рас па?

Қазақстандықтардың бір күндік жалақысы АҚШ-та өрттен зардап шеккендерге аударылатыны рас па?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

TikTok-та желі қолданушыларының бірінің видеосы қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Видео авторы желіде оқыған жаңалығы туралы айтады.

"Ақпаратта Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық экономика министрлігіне Лос-Анджелестегі өрттен зардап шеккен АҚШ тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде қазақстандықтардың бір күндік жалақысын аударуды тапсырғаны айтылады. Голливуд жұлдыздары да тыс қалмайды. Бұл - фейк", - деп хабарлады басылым.

Видео авторы ақпаратты қайдан алғанын айтпайды. Алайда бастапқы дереккөз - әлеуметтік желідегі бір парақша. 

Басылым мәліметінше, бұл ақпаратқа сенбеген жөн.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget