Қазақстандықтарды қабылдаудың Бірыңғай орталығы ашылады

Қазақстандықтарды қабылдаудың Бірыңғай орталығы ашылады
Фото: elements.envato.com

Тоқаев қазақстандықтарды қабылдаудың Бірыңғай орталығы іске қосылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгінде әкімшілік Үкіметпен бірлесіп азаматтарды қабылдаудың бірыңғай орталығын іске қосуға дайындалып жатыр, бұл орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының азаматтармен тікелей байланыс стандартын орнатуға мүмкіндік береді. Әкімдер жергілікті жерлерде де осындай жұмыстар жүргізуі тиіс.

Халықпен коммуникацияның барлық вертикалының сапасын Үкімет қамтамасыз етуі тиіс. Әдістеме мен бақылауды Президент әкімшілігіне жүктеймін", - деді Президент. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина