Полиция жұмыспен қамту және жылжымайтын мүлік пен автокөлік саласындағы алаяқтық үшін бұрын ұсталған алаяқтар тобына қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері былтыр жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық деорегін анықтады.
Қаскөйлер мұнай компанияларының біріне жұмысқа орналастыру, сондай-ақ, автокөліктер мен жылжымайтын мүлікті алып-сату сылтауымен 112 миллион теңгеден аса қаражатты иемденген.
"Бүгінде полицияға республиканың әр өңірінен 20 адам арызбен жүгінді. Ұсталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазір топтың үш мүшесі қамауда. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олар ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оны басқарды және оған қатысты деп айыпталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді", – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!