Бас прокуратура әлемдік интернет кеңістігін бақылау барысында Google деректер базасы бұзылғаны анықталғанын мәлімдеді. Мәліметке сүйенсек, бұл жағдай Gmail қолданушыларының деректері тарап кетуіне байланысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұйымдастырушы, яғни ShinyHunters хакерлік тобы 2,5 миллиардқа жуық парақшаға қатысты байланыс дерегіне қол жеткізген, бірақ құпиясөздер ұрланбаған.
"Шабуыл әлеуметтік инженерия арқылы жүзеге асқан: алаяқтар Google қызметкерін алдап, IT жабдыққа қол жеткізуге мәжбүрлеген және Salesforce Data Loader қосымшасын заңсыз пайдаланған. Олар Google атынан қоңырау шалып, жалған хабарламалар таратып, қолданушылардан Gmail құпиясөзін қалпына келтіруді талап еткен. Осылайша олар кодтар мен құпиясөздерді иемденген", - деп жазылған хабарламада.
Азаматтарға мынадай кеңес берілді:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!