Зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін алған қазақстандықтар оны қандай мақсатта қолданып жатыр? БЖЗҚ статистика ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы Massaget.kz сұрауына зейнетақы қорындағы жинағын алған қазақстандықтардың статистикасын ұсынды.
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға барлығы 151 278 адамнан 431 348 өтініш түсіп, шамамен 396,7 млрд теңге БЗТ төленді. Соның ішінде:
Ал емделу ақысын төлеу үшін 109 665 адамның жалпы сомасы шамамен 173,9 млрд теңгеге 161 385 өтініші орындалды. Соның ішінде:
Инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 18.02.2021 ж. бастап 62,25 млрд теңге аударылды. БЖЗҚ 33 079 өтініш берушіден түскен 46 608 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 1,34 млн теңге.
Бұл статистикадан көпшілік қазақстандық зейнетақы қорындағы жинағын баспана алу үшін ашқан депозитіне және тіс емдетуге пайдаланғанын көреміз.
2024 жылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында орындалған өтініш иелерінің ең көп саны Алматы қаласының - 47 226, Астана қаласының - 42 422, Маңғыстау облысының 27 804 тұрғындары болды.
Біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) - 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасы есебінен МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) ала алатын қаражат.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мына адамдар ала алады:
Егер сіз осы санаттағы азаматтардың біріне жатсаңыз, зейнетақы жинақтарын шексіз рет пайдалана аласыз.
"Ескерте кететін маңызды жайт, әрбір салымшы зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда тұрғын үй сатып алу немесе емделу үшін зейнетақы жинағының жеткілікті шектен асатын бөлшегін пайдалана алады. Алайда болашақта ол зейнетақы жинақтарын пайдаланбаған салымшыларға қарағанда аз зейнетақы алатындығын есте ұстаған жөн. Өйткені зейнетақы шотында қалатын ең төменгі жеткіліктілік шегі салымшыны зейнетақы төлемдерімен ең төменгі зейнетақыдан төмен болмайтын мөлшерде ғана қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді БЖЗҚ-да.
БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарыңыз "жеткілікті шектен" асып тұрса, оны алу үшін уәкілетті операторға жүгіну қажет.
БЗТ алуға өтініш қабылдайтын уәкілетті операторларға мыналар жатады:
Уәкілетті оператор біржолғы зейнетақы төлемін алуға берілген өтінішті қарағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді. БЖЗҚ уәкілетті оператордан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде, БЗТ-дан бас тарту үшін негіздер болмаған кезде, уәкілетті операторда ашылған арнайы шотына алушының БЗТ сомасын аударады.
Еске салайық, 2025 жылы ең төменгі жеткілікті шегі өзгеріссіз қалды. Егер зейнетақы қорындағы жинағыңыз жасыңызға сай минималды жеткілікті шегінен асып тұрса, содан асқан соманы ала аласыз.
Мысалы, сіздің жасыңыз 25-те, сіз үшін минималды жеткілікті шегі - 3 890 000 теңге. Ал сізде зейнетақы қорында 4 200 000 теңге жиналған болса, 310 000 мың теңгені тіс емдетуге, түрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе басқа да себепке пайдалануға ала аласыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз