Қазақстандықтар "Яндекс.Такси" қызметінен ақау шыққанын хабарлап жатыр. Тұрғындардың шағымы Астана мен Алматыда тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандықтардың айтуынша, "Яндекс.Такси" қызметінен көлікке тапсырыс беру кезінде "белгісіз қате" деген сөз пайда болады. Компания жұмыста ақау шыққанын растады. Сонымен қатар, ЯндексGo баспасөз қызметі өкілі бұл жағдайға пікір білдірді.
"Техникалық себептерге байланысты кейбір қолданушылар көлікке тапсырыс берерде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Қазір сервис штаттық режимде жұмыс істейді. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және мұндай жағдай қайталанбауы үшін бәрін жасаймыз", - делінген компания хабарламасында.
Айта кетейік, 14 желтоқсанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов Қазақстанда "Яндекс.Такси" бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді.
Ахметовтің сөзінше, сервис 17-20 пайыз көлемінде комиссия алады және жоғары баға қояды. Бұл жағдай жаңбыр, қар жауғанда немесе мереке күндері байқалады. Егер реттеуші жоғары баға қойылғанын анықтаса, онда комиссия төмендетіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!