"Қазақстандық отбасылар-2022" баяндамасына сәйкес, қазақстандықтар үйінде қай тілде сөйлесетіні туралы сауалнама жасалған. Сауалнама қорытындысы бойынша, респондеттің басым бөлігі үйінде қазақ тілінде сөйлейтіні анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстандық қоғамдық даму институтына сілтеме жасап.
Зерттеуге сүйенсек, халықтың көпшілігі жақындарымен қазақша сөйлеседі. Сондай-ақ, елімізде тек орысша және қазақ, орыс тілдерін араластырып сөйлейтін отбасылар да бар. Ал сауалнамаға қатысқандардың 17 пайызы үйінде тек орыс тілінде сөйлейтіні анықталды.
Айта кетейік, Қазақстанда өмір сүретін түрлі этникалық топ өкілдерінің 2,8 пайызы өз ана тілінде сөйлеседі.
Ескертпе: Сауалнамаға қатысқан респонденттер саны - 1200 адам.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!