Қазақстандықтар Украинадағы соғысқа қатысып жатқаны туралы ақпарат алған жоқпыз - СІМ

Қазақстандықтар Украинадағы соғысқа қатысып жатқаны туралы ақпарат алған жоқпыз - СІМ
Фото: elements.envato.com

Қазақстан өз азаматтарының Украинадағы соғысқа қатысып жатқаны туралы құзыретті органдардан ақпарат алмаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Украинаның құзыретті органдарынан Қазақстан азаматтары ұсталғаны немесе Украина аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысқаны туралы ешқандай ақпарат алған жоқпыз. Бұл ретте, өздеріңіз білетіндей, мұндай әрекеттерге Қазақстан заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделеді", - деді министрліктің ресми өкілі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде украиналық әскери күштер "қазақ" екенін айтқан адамды тұтқындағаны туралы видео пайда болды. Дегенмен видеодағы тұтқындалған адам қазақстандық па, жоқ па, бұл мәселе нақтыланбаған.

Еске салайық, бұған дейін Днепрде ауыр зымыран соққысы жасалғаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова