Қазақстандықтар уақыт белдеуін ауыстырғаннан кейін бір күнге "қартайған"

Қазақстандықтар уақыт белдеуін ауыстырғаннан кейін бір күнге "қартайған"
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сағат тілі ауысқаннан кейін кейбір қазақстандықтар қызық өзгерістерге тап болды - электрон құжаттарда туған күні өзгерген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Банктердің бірінің "Цифрлық құжаттар" бөліміндегі, сондай-ақ eGov.kz сайтында қазақстандықтар бір күнге "қартайғанын" - туған күні өзгергенін анықтады.

Бұл Астана, Алматы, Шымкентте және еліміздің тағы 12 облысында сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыған күннің ертеңінде байқалды.

Кейбіреулерде жеке куәлікте, басқаларында жүргізуші куәлігінде немесе төлқұжатында туған күні өзгергені анықталды.

Мәселе "Құжаттарды жаңарту" батырмасы арқылы шешіледі. Мұны бірнеше рет басу қажет болуы мүмкін. Оған қоса, қолданбаңызды жаңарту ұсынылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина