Қазақстандықтар Түркияға көмек ретінде 600 мың доллар жинады

Қазақстандықтар жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға көмек ретінде 616 мың доллар жинады. Бұл туралы ақпарат Түркия елшілігінің Facebook-тегі ресми аккаунтында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 10 ақпанда AFAD ресми шотына қазақстандықтардың 616 000 доллар көлеміндегі қайырымдылық қаражаты аударылған. Қайырымдылықтың жалпы сомасы 1 миллион 819 мың доллар болды.

Астанада орналасқан Түркияның Қазақстандағы елшілігі демалыс күндері де көмек қабылданатынын атап өтті.

"Көрпелер, генераторлар, жылытқыштар, ұйықтайтын қаптар, шатырлар, төсеніштер, лагерь төсектері сияқты заттар ерекше алғыспен қабылданады", - делінген елшілік хабарламасында.

Қазақстандағы Түркия елшілігі берген шот деректемелері:

  • Қазақстандық Зираат банк KZI Bank.
  • Карта нөмірі: 5354 5700 2979 2895.
  • Шот нөмірі: KZ43885102870D1ZLV00.
  • SWIFT коды: KZIBKZKA.
    Ақшаны жеке және корпоративтік шоттардан комиссиясыз аударуға болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!