Танымал актер, әзілкеш Қанат Әлжаппаров пен Қайрат Әділгерей құлдық тақырыбында комедия түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фильмнің сценарийі бойынша актер, әзілкештер Қанат Әлжаппаров пен Қайрат Әділгерей Ташкентте құлдыққа түсіп қалды. Олар "Кеттік бәрін таста" фильмінде адам саудасымен айналысатын қылмыскерлердің қолына түседі. Осылай басталатын комедия жанрындағы тағы бір отандық кино жарық көрді. Басты рөлдерде Қанат Әлжаппаров, Қайрат Әділгерей, әнші Нұрболат Қанай, актер Уәлибек Әбдірайымов ойнайды.
Актер Қайрат Әділгерей фильмнің жабық көрсетілімінде ерекше қобалжып жүргенін айтты.
"Құлдық деген бұрың-соңды болмаған тақырып қой. Енді-енді өзімізге келіп жатырмыз. Қатты уайымдап кеттік. 4-5 ай бойы ойланып, толғанып, музыкасын қайта-қайта ауыстырып, қалай болады, бізді көрермен түсіне ме деген күмәніміз көп болды", - деді Қайрат Әділгерей НТК арнасына берген сұқбатында.
Фильмнің продюсері - блогер Марғұлан Әден. Оның айтуынша, фильмді түсіруге 200 миллион теңге жұмсалған. Фильм Қазақстан кинотеатрларында 31 қазаннан бері көрсетіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін киноға түскен Уәлибек Әбдірайымов қалай алданып қалғанын айтқан болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!