- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- тіс емдету
Қазақстандықтар тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
Қазақстандықтар тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған. Қызметтердің негізгі көлемі бюджет қаражаты есебінен орындалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstantv-ға сілтеме жасап.
2024 жылдың III тоқсанында еліміздің тіс дәрігерлері 56,3 миллиард теңгеден аса сомаға қызмет көрсетті. Бұл туралы Ұлттық статистика комитеті мәлімдеді.
Қызметтердің негізгі көлемі, 5,3 миллиард теңге бюджет қаражаты есебінен, 47,9 миллиарды халықтан түскен қаражат және 3 миллиард теңге кәсіпорындардың қаржысы есебінен орындалды.
Өңірлер арасында қызметтің ең көп көлемі Астана мен Алматы қалаларында көрсетілді: әрқайсында 14 миллиард теңге.
Алғашқы үштікке Атырау облысы (3,5 миллиард теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (2,3 миллиард теңге) енді.
Ең аз қызмет Ұлытау облысында көрсетілген: 107 518 мың теңге.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова