Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың қандай азық-түлікті көп тұтына бастағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бюро 2023 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну бюллетенін жариялады. Бұрынғыдай азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет пен ет өнімдеріне - 17 пайыз, нан мен жарма өнімдеріне - 7,8 пайыз, сүт өнімдеріне 5,4 пайыз тиесілі.
Ет пен ет өнімдерін көп тұтынатын Жетісу, Атырау, Ақмола облыстары, ал ең азы Шымкент қаласында байқалды. Өңірлер бөлінісінде нан мен жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары көбірек тұтынады - жан басына шаққанда 44,1 келі (тоқсанына), ең азы - елорда тұрғындарында, жан басына шаққанда 23,6 келі.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2023 жылдың ІІІ тоқсанында қазақстандықтар ет және ет өнімдерін - 0,7 келіге, сүт және сүт өнімдерін 1,2 келіге көбірек тұтынған.
Жасұлан Ордабаев
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз