Қазақстандықтар тамызда қосымша демалыс алады

2024 жылы тамызда аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтарда 10 демалыс күні және 21 жұмыс күні болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тамыз айында қазақстандықтарды Конституция күніне орай демалыс күтіп тұр. Қазақстан Республикасының Ата Заңы 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні саналады. Қазақстандықтар жыл сайын 30 тамыз күні демалады.

2024 жылдың тамыз айындағы демалыс кестесі:

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін Конституция күніне берілетін қосымша демалыс 3 күн қатарынан демалуға мүмкіндік береді. Осылайша, қазақстандықтар жұма - 30 тамыз, сенбі - 31 тамыз және жексенбі - 1 қыркүйекте демалады. Тамызда барлығы 10 демалыс күні бар.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер де жұма күні, 30 тамызда демалады. Алайда 31 тамыз жұмысқа шығады. содан кейін 1 қыркүйек қайтадан демалады. Осылайша, аптасына 6 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар тамыз айында 5 күн демала алады.

Тамыз айындағы мереке күндер

Конституция күнінен басқа, тамыз айында Қазақстан бірқатар басқа да маңызды күндерді атап өтеді:

  • 4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) - Көлік қызметкерлері күні;
  • 10 тамыз - Абай күні;
  • 11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) - Құрылысшылар күні;
  • 18 тамыз - шекарашылар күні;
  • 25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) - Шахтер күні;
  • 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!