Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалады?

Қазақстанда биыл тамызда 22 жұмыс күні мен 9 демалыс бар, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Биыл Конституция күні сейсенбіге сәйкес келеді. Бұл күн - мереке.

Үкіметтің "2022 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы" қаулысына сәйкес демалыс күні 27 тамыз сенбіден 29 тамыз дүйсенбісіне ауыстырылды.

Сәйкесінше, қазақстандықтар былай демалады:

  • бес күндік жұмыс аптасымен - демалыс күнінің үш күн қатарынан ауыстырылуын ескере отырып: 28, 29, 30 тамыз (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);
  • алты күндік жұмыс аптасымен - екі күн: 28, 30 тамыз (жексенбі, сейсенбі).

Жалпы, бес күндік жұмыс аптасына көшкен қазақстандықтар тамыз айында 9 күн демалады.

 

Г. Досымшалова