Қазақстандықтар тағы бір мемлекетке визасыз бара алады

Қазақстандықтар енді Перу Республикасына 30 күнге визасыз бара алады. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы "Ашық" НҚА сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

"Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Перу Республикасына 30 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде олардан визалық талаптар сұралмайды. Перу Республикасының аумағында болған кезде өзінің құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматы сол елдегі Қазақстан елшілігіне немесе консулдық бөлімшелеріне барып, өкілдіктер ұсынған уақытша құжат арқылы Перу аумағынан тыс жерлерге шыға алады", - делінген қаулыда.

Қазақстан Республикасының азаматында болуы тиіс құжаттар:

- дипломатиялық паспорт;

- қызметтік куәлік;

- Қазақстан Республикасының азаматы екенін растайтын куәлік;

- Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік.

Құжатқа сәйкес, төтенше жағдай немесе өзге де оқыс оқиғаға тап болып, Перу территориясынан кету мүмкіндігі болмаған қазақстандықтар сол елдің құзыретті органдарына өтініш беріп, тұру мерзімін ұзарта алады.