Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алатын болды

Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алатын болды
Фото: visitworld.today

Қазақстан тағы бір африкалық елмен визасыз режимге қол жеткізді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Сьерра-Леоне деп аталатын Африка мемлекетімен дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының шеңберінде өткен кездесулер барысында құжаттарға қол қойған. 

"Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды”, – делінген Сыртқы істер ведомствосының ақпаратында.

Айта кетейік, Сьерра-Леоне – батыс Африканың Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Сьерра-Леоненің астанасы – Фритаун қаласы, ал ресми тілі – ағылшын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева