Қазақстанда өткен тоқсанда әр адам орташа есеппен 21 келі ет жеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, қазақстандықтар азық-түлікке жоспарлаған қаржысының 25 пайызына ет алады. Жылдың үшінші тоқсанында әр адам құнарлы өнім үшін 45 мың теңгесін сарп еткен.
Былтыр бұл сома 42 мың теңгеден сәл асыпты. Нарықта сиырдың төс еті 4 700 теңге шамасында. Өнім келісі былтыр 2,5 мың теңгеден сатылған.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, ет және ет өнімдерін жиі тұтынатындар Жамбыл өңірінде тұрады. Мұндағы отбасылардың әр мүшесіне шамамен 8 келі ет сатып алынған.
Ең аз көрсеткіш Шымкентте тіркеліпті. Бір айдағы тұтыну көрсеткіші 5 келі төңірегінде.
Ал балық өнімдерін жақсы көретіндердің дені теріскейде тұрады. Мұндағы әр азамат айына 2 келі балық жейді екен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз