Қазақстандықтар Сейшел аралдарына визасыз қанша күнге бара алады?

Қазақстандықтар Сейшел аралдарына визасыз қанша күнге бара алады?
Фото: lifeforstock - Freepik

Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында визасыз режим күшіне енді. Енді Қазақстан азаматтары Сейшел аралдарына 30 күн визасыз бара алады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2023 жылғы 22 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында қол қойылған Қазақстан Үкіметі мен Сейшель Республикасы Үкіметі арасындағы визалық талаптардан босату туралы келісім 2024 жылғы 6 қаңтарда күшіне енді.

"Енді келісімінің 1-бабына сәйкес екі елдің азаматтары екінші уағдаласушы тарап мемлекет аумағына бір немесе бірнеше рет келу-кету, транзит, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады. Осы ретте азаматтардың шекарадан өткен кезден бастап, екі мемлекет аумағында болу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде, ал күнтізбелік 180 күн ішінде, жиынтығында күнтізбелік 90 күннен аспауы керек.

Сондай-ақ Қазақстан азаматтары Сейшель аралдарында 30 күннен аса уақыт болғысы келсе, олар тиісті санаттағы Сейшель визасын алдын ала рәсімдеуі керек", - деді Айбек Смадияров.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz