Қазақстандықтар ресейлік “Орешник“ зымыранын көргені туралы фейк тарады

Қазақстандықтар ресейлік “Орешник“ зымыранын көргені туралы фейк тарады

Telegram арналарының бірінде Сәтбаев қаласының тұрғындары ресейлік "Орешник" баллистикалық зымыраны ұшырылғанын көргені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Мәліметке сүйенсек, оқиға 21 қарашада болғаны айтылады. Дегенмен бұл - жалған ақпарат.

Қазақстан тұрғындары ресейлік "Союз-2.1а" зымыранын көрген болуы мүмкін. 21 қарашада Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран бортында "Прогресс МС-29" жүк кемесі бар. Бұл туралы Ресейдің "РИА Новости" ақпараттық агенттігі хабарлады.

"Байқоңыр ғарыш айлағынан "Прогресс МС-29" жүк кемесі бар "Союз-2.1а" зымыраны ұшырылды. Ол кемені төмен жер орбитасына шығарды. Халықаралық ғарыш станциясына екі күнде жетеді, ХҒС ресейлік сегментінің "Іздеу" модуліне 23 қарашада Мәскеу уақытымен сағат 17:36-да қонады деп жоспарланған", - деп хабарлады РИА Новости агенттігі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз