Қазақстандықтар ресейлік әскерилерге қолдау көрсеткен Азамат Мұсағалиевті сынап тастады

Танымал әзілкештер Азамат Мұсағалиев пен Денис Дорохов Донбасстың азат етілгеніне 80 жыл толуына орай Саур-Могила мемориалдық кешенінде өткен концертке қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Dan-news басылымы мәліметінше, Саур-Могила мемориалдық кешенінде Донбассты азат етудің 80 жылдығына арналған үлкен концерт өткен.

"Әзілкеш үшін адамның күлкісі - нағыз марапат. Көзімен, жүрегімен күлетін адамдарды кездестірсек, бұл өте шабыттандырады. Сондықтан мен оларға көп рақмет айтамын, бүгін олармен әңгімелесу өте керемет болды", - деді Мұсағалиев.

Желі қолданушылары қазақ әзілкешінің бұл әрекетін сынға алды. Әзілкештің Instagram-парақшасында пікір жазылмайды. Алайда олар видео жүктеп, Мұсағалиевті белгілеп жатыр. Сонымен қатар, Telegram-арнаның пікіріне сынап жазған. 

"Орыс құл, Азамат", "Концерттерін өткізбеу керек", "Қазақстанда концерт емес, cancel болады", "Қуып жіберу керек", "Елге кіргізбеу керек", - деп жазған олар.

Айта кетейік, құрамында Денис Дорохов пен Азамат Мұсағалиев бар "Камызяки" ұжымының қазанда Қазақстанның Алматы, Астана, Шымкент қалаларында концерті өтуі керек. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз