Қазақстандықтар Ресейден келгендерге үн қатып жатыр. Олар не дейді?

Қазақстандықтар Ресейден келгендерге үн қатып жатыр. Олар не дейді?

Қазақстандағы орыс ұлтының өкілдері Ресейден келіп жатқан азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сондай видеолардың бірі Zhake Kz 500 YouTube-арнасында жарияланды. 

"Қазақстанда екі топ пайда болды: Ресейден келіп жатқандарды қолдайтындар және қолдамайтындар. Әрине, осындай жағдайға тап болған және дискомфорт аймағынан қашып жатқан ресейліктерді түсінемін. Айтпағым мынау, мен - орыспын, жақында Ресей Федерациясында болғанмын. Ол жерде қазақтарға жаман қарайды. Қоғамдық көлікте келе жатасыз, 9-12 жастағы балалар құлаққап киіп алып отыр. Апалар кіріп келді. Олардың ешқайсы екі апаға орын бермеді. Мен "отырыңыз" дедім. Ал балалар отырған орындарынан қозғалмады. Бұл құрметсіздік қой. 

Тағы бір жағдай болды. Көліктен ауыр сөмкелер шығарып келе жаттым. 6-7 жастағы бала тұр. "Тәте, сізге көмектесейін бе?" дейді. "Ой, жаным" дедім. Қазақ тілі - өте әдемі тіл. Ағылшын, француз тілдерін үйренесіздер ғой. Мен орыс болғаныма қарамастан, қазақ тілін білу керек деп ойлаймын. Ол бала "көмектесейін" деді. Көмектесті. Көтере алғанынша ғана бердім. 6-7 жасар баланы осындай жігіт етіп тәрбиелеген ата-анасына рақмет. Айтпақшы, қазақтарда керемет дәстүр бар. Яғни кенже ұл ата-анасымен бірге тұруы керек. Ал бізде бала өссе бітті ата-анасын ұмытып кетеді", - дейді видеодағы әйел адам. 

Видео 225 мыңға жуық қаралым жинаған. 

"Біздің орыстар мейірімді, уайымдап тұрады, бір-біріне құрметпен қарайды, себебі біздің менталитетке үйренген. Мен орыстармен, белорустармен, украиндармен бір тұрғын үйде тұрамын, бәрі керемет", "Дегенмен Ресейдің орысы мен қазақстандық орыстардың айырмашылығы жер мен көктей", - дейді оқырмандар. 

Сонымен қатар, Қазақстанда 6 жылдан бері тұрып жатқан орыс ұлтының өкілі Ресейден келіп жатқандарға үндеу жасады. 

"Елге өздерімен қоса өз тәртіптерін енгізейін деп жүргендерге айтарым. Біріншіден, Қазақстанда әрбір адам орыс тілін білетініне қарамастан, қазақ тілін үйренгені дұрыс. Қазақ тілін білген дұрыс. Себебі сіздер бөтен елге келдіңіздер. Екіншіден, көлігіңізде Z лентасымен жүрсеңіз ешкім сізді қабылдамайды. Бұл ешкімге ұнамайды. Елге келер болсаңыз саясатыңызды өзіңізбен тасымаңыз. Шетелден келіп жатқандар жергілікті адамдармен сөзге келіспей қалды дегендерді естідім. Елде жүргелі ешкім менің беделімді түсірген емес, ешкіммен осы жерге келгенім үшін ұрсысқан емеспін. Соңғысы - жергілікті дәстүрді құрметтеуіңіз керек", - дейді видеодағы қыз. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина