Қазақстандықтар референдумда қай елдерден белсенді дауыс беріп жатыр?

Қазақстандықтар референдумда қай елдерден белсенді дауыс беріп жатыр?
Фото: t.me/pressmfakz

Қазір әлемнің 40-тан аса елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

СІМ мәліметінше, дәстүр бойынша Азия елдерінде алғашқы учаскелер ашылған. Бірінші болып Жапония мен Оңтүстік Кореяда учаскелер өз жұмысын бастады.

Олардан кейін Қытай, Сингапур, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам мен Индонезияда учаскелер ашылды.

"Дауыс беру процесі Ресей, Үндістан, БАӘ, Оман, Әзербайжан, Армения, Грузия, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстанда да белсенді жүріп жатыр. Таяу Шығыс пен Еуропа елдерінде жақын арада учаскелер өз жұмысын бастайды", – деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова