Қазақстандықтар референдум туралы сілтемесі бар SMS алып жатыр

Қазақстандықтар референдум туралы сілтемесі бар SMS алып жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Хабарламада АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтетіні жазылған.

Азаматтарға referendum.gov.kz сілтемесі бойынша сайтқа өтіп, қай учаскеде дауыс беретінін білуге болатыны ескертілді.

Орталық референдум комиссиясының хабарлауынша, хабарлама халықты алдағы референдум туралы хабардар ету мақсатында жүзеге асырылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!