Қазнетте Halyk Bank қазақстандықтарға 500 мың теңге және одан да артық мөлшерде төлем жасауға міндеттелгені туралы жарнама тарап жатыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Басылым мәліметінше, бұл ақпарат - фейк. Ақпаратты Қаржы министрлігі жоққа шығарған.
Ведомство өкілі төлем туралы ақпарат фейк екенін айтып, азаматтарды мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырды.
Видеодағы ер адам - Петропавл-Камчатка тұрғыны Сергей Кремнев. Ол 2020 жылғы қаңтарда лотерея ұтып алған. Видеода ер адам банктен алған төлем туралы емес, дәл осы жайлы айтқан. Демек, жарнама - фейк. Осылайша, алаяқтар басқа платформада тіркелуін сұрап, қолданушылардың жеке ақпаратын - логиндерін, парольдерін, төлем карталарының деректерін және мобильді банкингтерге кіретін кодтарын алғысы келген.