- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандықтар онлайн жеке...
Қазақстандықтар онлайн жеке медициналық кітапшаны қашан қолданады?
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар қашан онлайн форматта жеке медициналық кітапшаны ала алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар жеке медициналық кітапшаны онлайн форматта ала алады.
"Келесі жылдың басынан бастап азаматтардың жеке медициналық кітапшалары (ЖМК) толығымен онлайн-форматқа көшеді. Бұл азаматтарға медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, жұмысқа жіберу туралы мөрін қойдыру үшін терапевтке қайта бару қажеттілігін туындамайды. ЖМК электрондық форматқа ауысқаннан кейін нәтижелерді жеке кабинеттен алуға болады. Жеке медициналық кітапшаны (ЖМК) беруді автоматтандыру процесі соңғы кезеңде тұр. Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Соның нәтижесінде "Е-Денсаулық" сервисі "Жеке медициналық кітапша" модулінің деректерін қабылдауды бастайды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы