Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтар неге белшесінен қарызға батып жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінде халықтың шамадан тыс кредит алуы үлкен әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып барады. Биыл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банктердің тұтыну кредиттерінің портфелі - 9,2 триллион теңге. Осыған байланысты бір қарыз алушыға шаққандағы берешектің орташа мөлшері - шамамен 1,5 миллион теңге, ал проблемалық тұтыну кредиттері бойынша 1 миллион теңге", - деді премьер-министр Үкімет отырысында.
Әлихан Смайылов кейбір қазақстандықтар мерзімі өтіп кеткен кредиттерін жабу үшін одан да жоғары пайызбен жаңа кредиттер алатынын мәлімдеді.
"Шектеусіз кредит алып, салдарынан қарызға белшесінен бата береді. Банк кредит беруден бас тартқан жағдайда, олар пайыздық үстемесі өте жоғары микроқаржы ұйымдарына жүгінеді. Осылайша, адамдар қаржылық сауатсыздықтың кесірінен жағдайларын қиындата береді", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда енді ешкімнің несиесі кешірілмейтіні хабарланды.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!