Қазақстандықтар неден қайтыс болып жатыр? Өлім-жітім статистикасы

Қазақстандықтар неден қайтыс болып жатыр? Өлім-жітім статистикасы
Фото: maxresdefault

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, Қазақстанда өлім-жітім көрсеткіші артқан, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақстанда өлім көрсеткіші 2019 жылы төмендеп, 2020 жылы күрт өскен. 

Халық саны және динамикалық өсу қарқыны

Қазақстан халқы былтырғы санақ бойынша 18 миллион 962 мың, биылғы санақ бойынша 19 миллион 400 мыңнан асты. 

2021 жыл мен 2022 жартыжылдықты салыстыратын болсақ, ай сайынғы көрсеткіш бойынша, биыл халықтың табиғи өсімі айтарлықтай төмендеген.

Бірақ жыл басынан қайтыс болғандар саны 3 мыңға жуық адамға азайды. Биыл өлім-жітім көрсеткіші ең азы сәуірде, ал ең көбі қаңтарда тіркелген.

Маусымда Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында қайтыс болғандар саны мыңнан асқан. 

Ерлер мен әйелдер арасында қайтыс болғандар саны кейінгі 6 айда айтарлықтай өзгермеді. Қазақстанда маусымда 6 мыңға жуық ер адам және 5 мыңға жуық әйел адам қайтыс болған.

Халық санының аз болуы - ішкі нарықты әлсіретіп, сыртқы нарыққа тәуелді етеді. Сондай-ақ, жұмыс қолының жетіспеуіне, елдің қорғаныс қабілетінің әлсіреуіне әкеледі. 

Қазақстандықтар неден қайтыс болады?

Былтыр қыркүйекте денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы статистикалық жинағын жариялады. Құжат бойынша:

  • Тыныс алу ағзаларының аурулары (27 796.8);
  • Қан айналым жүйесінің аурулары (17 799.7);
  • Ас қорыту ағзаларының аурулары (7 835.5);
  • Несеп-жыныс жүйесінің аурулары (7 625.7);
  • Жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңдегі асқынуларынан жиі қайтыс болады (6 071.4). 

2021 жылғы дерек бойынша:

  • Қан айналым жүйесінің ауруларынан 18 555;
  • Оқыс оқиға, жазатайым оқиға, улану, жарақаттан 5 479;
  • Кісі өлтіруден 286;
  • Суицидтен 1051;
  • Тұмау, ЖРВИ мен пневмониядан 2327 адам қайтыс болған. 
С. Бөлек