Қазақстандықтар мінген Air Astana рейсі Тель-Авив (Израиль) әуежайынан ұшып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Тель-Авив қаласынан (Израиль) Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты.
Бортта 166 жолаушы бар, олардың ішінде 124 ҚР азаматы және 42 шетелдік азамат.
Бүгін кешке ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтіліп отыр.
Айта кетейік, Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін шұғыл байланыс желісі жұмысын бастады. Онда консулдық есепке тұрмаған 400-ден аса қазақстандық жүруі мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Бүгінде СІМ-де жедел штаб құрылған. Олар төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмін орындауға кіріскен. Айбек Смадияров Израильде 400-ден аса қазақстандық жүруі мүмкін екенін айтты. Олар консулдық есепке тұрмаған.
Еске салайық, 7 қазанда таңертең "Изз ад-Дин аль-Кассам" бригадасының ХАМАС әскери қанаты бұрын-соңды болмаған операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.
Өз кезегінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақтарды пайдаланып, Газа секторына шабуылдар басталғанын хабарлады.
Израиль Ливанға қарсы соққы жасады
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!