Қазақстандықтар міндетті саусақ іздерін тапсырудан бас тартса, қандай жаза қарастырылған?

Қазақстандықтар міндетті саусақ іздерін тапсырудан бас тартса, қандай жаза қарастырылған?
Фото: rawpixel.com/Freepik

Қазақстанда 2024 жылы 1 қаңтардан бастап азаматтардың саусақ ізін тапсырудың міндетті тіркеуі басталады. "Право знать" Telegram-арнасы саусақ ізін тіркеуге кім міндетті екенін, қандай жағдайда, не үшін және бас тартса не болатыны туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қандай жағдайда?

Саусақ ізін тіркеу ХҚКО-да жеке куәлікті, паспортты, шетелдіктердің тұруға ықтиярхаттарын және азаматтығы жоқ адамдардың куәлігін ресімдеу кезінде жүргізіледі.

Не үшін?

Жеке құжатқа саусақ ізі түрінде қосымша қорғаныс енгізіледі. Мемлекеттік органдардың мәліметінше, саусақ ізін тапсырудың негізгі артықшылықтары:

  • заңсыз құжат жасау дерегінің алдын алу, құжаттарды қолдан жасаудан, ал оның иесін алаяқтық және өзге де қылмыстық әрекеттерден қорғау.
  • ҚР азаматтарының басқа елдердің мемлекеттік шекараларын кесіп өту рәсімін жеңілдету.
  • күнделікті өмірде, жазатайым оқиға кезінде де, оның ішінде техногендік және табиғи сипаттағы жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру рәсімін жеделдету.
  • смартфон арқылы мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігін дамыту.

Азамат саусақ іздерін тапсырудан бас тартса, қандай жаза қарастырылған?

Міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тарту ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 443-1-бабына сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

  1. ҚР азаматтарының міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартса - 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
  2. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартса - ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберіледі.
  3. ҚР азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам міндетті геномдық тіркеуден өтуден бас тартса - 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 

Еске салайық, бұған дейін министрлік қазақстандықтар саусақ іздерін қашан тапсыратынына жауап бергені хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Тобық жұту қандай ырым?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә