Қазақстандықтар Қытайға жиі бара бастаған

Қазақстандықтар Қытайға жиі бара бастаған
Фото: ©️ depositphotos.com

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытай мен Қазақстан арасында визасыз режим енгізілген соң қазақстандықтар Қытайға жиі бара бастағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Қытаймен визасыз режим нәтижесін бере бастағанын мәлімдеді.

"Былтыр 10 қарашада күшіне енген қос ел арасындағы келісім өз нәтижесін беріп жатыр. Статистикаға сүйенсек, 2023 жылғы 10 қарашадан бері Қазақстанға 126 мың Қытай азаматы келген. Сондай-ақ, осы уақыттан бері Қытайға 173 мың қазақстандық барған", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министрліктің ресми өкілі 2 күн бұрын Қытайдан оралғанын, расында да, қазақстандықтар көп барып жатқанын байқағанын айтты.

"Ұшақтың бәрінде толған - Қазақстан азаматтары. Сұрастырсаң, көбі - турист. Мысалы, 1-2 ата-ананы көрдім. Олар балаларын (Қытайда - еск.) оқыту үшін университет қарауға бара жатыр екен. Сондықтан қос ел арасында мәдени гуманитарлық байланыс нығайып келеді. Президенттің және сыртқы істер министрінің сапары да өте сәтті өтті деп ойлаймын", - деді ол.

Еске салайық, былтыр 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енді.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz