Қазақстандықтар қырғызстандық университеттен оқудан шығып қалды

Қазақстандықтар қырғызстандық университеттен оқудан шығып қалды
Фото: instagram.com/gknb.official

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тексерісінен кейін қазақстандықтар қырғызстандық жоғары оқу орнынан оқудан шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

МҰҚК мәліметінше, Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетіне ресми қабылданған бірнеше шетелдік шын мәнінде ел аумағында болмаған және оқуға қатыспаған. Соған қарамастан олардың құжаттары университетте белсенді студенттердің құжаттары ретінде тіркелген.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Комиссия тексерісі бұл жайтты растады. Нәтижесінде университеттен 59 шетелдік студент оқудан шығарылды, оның ішінде:

  • Өзбекстанның 30 азаматы;
  • 20 қазақстандық;
  • 9 ресейлік.

Тергеу жалғасып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КР УКМК | ГКНБ КР (@gknb.official)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget