- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандықтар құжатта есімін,...
Қазақстандықтар құжатта есімін, тегін, әкесінің атын өзгерту үшін не істеуі керек? Нұсқаулық
Адамның аты-жөні, тегі немесе әкесінің аты көңілінен шықпайтын жағдайлар кездесіп жатады. Ол өз есімін өзгерте ала ма? Ол үшін қайда бару керек? Бұл туралы Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысының орынбасары Зауреш Сатхожина "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты туу, жасасу немесе некені бұзу туралы тиісті актілік жазбаларда есімін, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертілетін мәліметтер туралы айтты.
Бұл ретте, бұрынғыдай аты-жөнін өзгерту туралы акт жазбасы тіркелмейді және атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы куәлік берілмейді.
"Тіркеуші органдар атын, әкесінің атын, тегін ауыстырғанын растау үшін туу, некені қию және бұзу туралы тиісті куәлік береді", – деді спикер.
Өтінішті 16 жастан асқан азаматтар береді, бұл жасқа толмағандар үшін ата-анасының қатысуы талап етіледі.
"Есімін, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеуші органдар 16-ға толған, атын және(немесе) әкесінің атын және(немесе) тегін ауыстырғысы келетін адамның жеке өтініші бойынша жүргізеді", - деп нақтылады ол.
Атын, әкесінің атын, тегін өзгерту не түзету үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға (АХАТ) өтінішпен жүгіну қажет, сондай-ақ, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-не өтінішті "электрон үкімет"порталы арқылы электрон үлгіде жіберуге болады.
Аты, әкесінің аты, тегі өзгергеннен кейін өтініш беруші бір ай ішінде жеке куәлік пен төлқұжатты өзгертуі қажет.
Тегі, Аты, Әкесінің аты қандай негіздер бойынша өзгертілуі мүмкін?
- аты, әкесінің аты, тегі жағымсыз естілген жағдайда;
- атын, әкесінің атын, тегін айту қиын болғанда;
- егер некені мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегінде қалса, жұбайының жұбайымен ортақ тектес болу тілегі;
- егер некені бұзу кезінде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейінгі тегін алып жүруге ниет білдіру;
- алдыңғы некеден балалармен ортақ текті алғысы келсе;
- жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейінгі тегін алғысы келген жағдайда;
- жұбайы қайтыс болған жағдайда және егер өтініш беруші некеге дейінгі тегінде болса, балалармен ортақ текті алғысы келсе;
- ата-анасының біреуінің өтініш беруші таңдаған ұлтына сәйкес келетін атын және тегін алып жүруге тілек білдіру;
- өмірде іс жүзінде қалыптасқан, құжаттардағы атауынан өзгеше есімді алғысы келсе;
- егер некеге тұру кезінде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алуға ниет;
- ұлттық дәстүр бойынша әкесінің немесе атасының есімімен тегін өзгерткісі келсе;
- өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі және аты бойынша тегін және әкесінің атын алып жүруге тілек білдіру;
- жынысы хирургиялық өзгерткен кезде таңдалған жынысқа сәйкес келетін есімді, әкесінің атын, тегін алғысы келген жағдайда.
Осылайша, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту үшін олардың иесінің қалауы жеткіліксіз. Ол үшін бұл дәлелді себептердің біреуі болуы қажет.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек