Қазақстандықтар "Қуандық" есімін ауыстырып жатқаны жайлы ақпарат тарады

Қазақстандықтар "Қуандық" есімін ауыстырып жатқаны жайлы ақпарат тарады
Фото: tengrinews.kz

Желіде қазақстандықтардың "Қуандық" есімін ауыстырып жатқаны жайлы жалған ақпарат тарады. Алайда бұл ақпаратты "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған ақпарат бойынша, қазақстандықтар Алматы қаласы Әуезов ауданындағы ХҚКО-ға барып, "Қуандық" атты есімін және "Бишімбаев" деген тегін ауыстыру үшін кезекте тұр. Сондай-ақ соңғы аптада жаңа есім мен фамилия алу үшін 10 583 адам келгені жазылады. 

Алайда бұл ақпаратты "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі жоққа шығарды.

"Әлеуметтік желілерде тарап жатқан бұл ақпарат өтірік", - деді "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметінде.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды.

Қуандық Бишімбаев ісі тікелей эфирде көрсетілді.

Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді

А. Жапатова