Қазақстандықтар Конституция күніне орай бір күн демалады

Қазақстандықтар Конституция күніне орай бір күн демалады
Фото: almaty-akshamy.kz

Қазақстандықтар Конституция күніне орай 2016 жылдың 30 тамызында бір күн демалатын болады. "2016 жылғы Қазақстан Республикасының мерекелік және демалыс күндері" күнтізбесіне сәйкес, бұл күн демалыс күні болып саналады. 2016 жылы Конституция күні сейсенбі күніне түседі, ал дүйсенбі, 29 тамыз жұмыс күні болып саналады.

Осы орайда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы демалыс күні болып саналатын сенбі, 27 тамыз дүйсенбі, 29 тамыз күніне ауысады деген хабарламалар тарап жатыр. Айта кетейік, Желі қолданушылары осыдан бес жыл бұрынғы (2011 жыл 23 тамыз) жаңалықтың скриншотымен бөлісіп жатыр. Сол кезде шынында да үкімет басшысы Кәрім Мәсімов демалысты ауыстыру туралы қаулы қабылдаған болатын.

Биыл осындай демалысты ауыстыру туралы қаулы қабылданған жоқ. Осыған орай қазақстандықтар 27, 28 және 30 күндері демалатын болады.

Соңғы рет "Демалыс күнін ауыстыру" қаулысы 2016 жылдың 15 ақпанында болған. Демалыс күнін сенбіден 2016 жылдың 5 наурызынан 2016 жылдың дүйсенбі, 7 наурызына ауыстырған болатын. Осыған орай қазақстандықтар 6,7 және 8 наурыз күндері демалған.

Дереккөз: tengrinews.kz

Е. Жұмабайұлы