Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, қазақстандықтар көлік салығы бойынша көп қарыз жинаған. Елдегі жеке тұлғалардың жалпы берешегі 10,7 миллиард теңгеге жеткен. Ал борышкерлер тізімінде 335 мың салық төлеуші тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы бойынша
Ең көп қарыз Алматыда тіркелген: 2,1 миллиард теңге. Бұған 39 мың салық төлеуші жауапты.
Астана бойынша
Астанада жағдай сәл жақсырақ: мұнда қарыз 1,3 миллиард теңге болады, ал борышкерлер саны 33 мыңға жеткен.
Шымкент бойынша
Шымкент үшінші орында: 885 миллион теңге, бұл соманы 28 мың көлік иесі төлеуі керек.
Өңірлер арасында Шығыс Қазақстан облысы ерекшеленеді, онда қарыз мөлшері 213 миллион теңге болады. Бұл - ұсынылған деректер арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Қарыз адамдар саны - 8 мың адам.
Айта кетейік, көлік салығын төлемеу өсімпұл қосылуына әкеп соғуы мүмкін. Әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептеледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова