Қазақстанда ішімдік нарығы дамып жатыр. Биыл алғашқы жартыжылдықта елдегі дүкендерде 2,4 есе көп коньяк және арақ, түрлі ликерлер мен шарап сатылған. Ұлттық статистика бюросының мамандары шампан мен сырадан басқа барлық позиция бойынша сату деңгейі өскенін атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, елде ащы алкоголь сату деңгейі былтырдан өсе бастаған.
Бір қызығы, Қазақстанда барлық алкогольден сыра қымбат. Мұндай тұжырымды алкогольдің әр түрінің тұтыну бағаларының индекстерін қадағалау арқылы жасауға болады. Мысалы, тамыз айында арақ өткен жылдың соңғы жаз айымен салыстырғанда 10,1 пайызға, шарап 13,1 пайызға, сыра бірден 23,5 пайызға қымбаттады. Мұндай айтарлықтай айырмашылық әр айда байқалып тұрады.
Был жыл басында көбікті сусын бағасының өсуі азық-түлік инфляциясының барлық рекордтарын жаңартты: қаңтарда сыра бағасы 30,9 пайыға өсті. Бұл ретте алкогольдің жалпы қымбаттауы 22,9 пайыз шегінде тіркелді.
Тағы да оқи отырыңыз: Қазір қай шет тілін үйрену керек?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!