Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шоновтың айтуынша, кейінгі екі жылда Қазақстанда көші-қон сальдосы оң көрсеткішті көрсетіп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биылғы II тоқсанда көші-қон сальдосы +7,7 мың адам болған.
"Елге 11,3 мың адам келсе, 3,5 мың адам кеткен. Көші-қон өсімі негізінен ТМД елдері мен Қытайға тиесілі. Сонымен қатар, білікті кадрлардың кету үрдісі әлі де сақталып отыр. Қазақстан азаматтары негізінен Ресейге (8,7 мың адам), Германияға (2 мың адам) кетеді", – деді ол.
Дегенмен, министрлік мәліметінше, 2023 жылдан бастап шетелге жұмыс істеу мақсатында кететін Қазақстан азаматтарының саны төмендеген.
"Биылғы бірінші жартыжылдық бойынша шетелде жұмыс істеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарының саны - 126 531 адам. Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Ресей Федерациясында (102 460 адам), Корея Республикасында (15 790 адам), БАӘ-де (2 997 адам), Ұлыбританияда (1 912 адам) еңбек етіп жүр", - деді ведомство өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова