Қазақстандықтар келесі жылдан бастап еңбек шартын цифрлы форматта жасайды

 Қазақстандықтар келесі жылдан бастап еңбек шартын цифрлы форматта жасайды
Фото: iapn.kz

Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбек және ұжымдық келісімдер жасау туралы заң жобасы цифрлық форматта әзірленгенін мәлімдеді. Бұл қадам еңбек қатынастарын жария етуді көздейді және кәсіподақтар үшін автоматтандырылған жұмыс орнын енгізу арқылы жүзеге асады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

 
"Біріншіден, еңбек және ұжымдық келісімдерді цифрлық форматта жасауға көшу жоспарда, кәсіподақтар үшін автоматтандырылған жұмыс орны енгізіледі. Тиісті заң жобасы әзірленді және ағымдағы жылы қарауға енеді. Айта кету керек, пилоттық режимде 8,7 мыңнан астам еңбек келісімдері электрондық форматта жасалды", – деп атап өтті ол. 

Оның айтуынша, ақпараттық жүйеге жұмысшылардың құқықтарын қорғауға көмектесетін сегіз мың ұжымдық келісім туралы деректер енгізілген.

"Екіншіден, электронды штаттық кесте жобасы жүзеге асырылуда – бұл еңбек қатынастарын декларациялау функционалы, ақпараттық жүйелерде барлық жұмыс орындарының кодталуын енгізуді қамтиды. Бұл құрал еңбек ресурстарын дәл есепке алуға, жұмыс орындарын құру және еңбек жағдайларын қалыптастыру, жеке қорғау құралдарымен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етуді бақылауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, платформалық жұмыспен қамтуды заңнамалық тұрғыдан реттеу енгізілді, бұл оңайлатылған тіркеу процедурасын қамтиды. Пилоттық жоба аясында 19 мыңнан астам такси жүргізушісі қосылды және 20 миллионнан астам фискалдық чек берілді", – деп толықтырды министр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Бақдаулет