Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалатыны белгілі болды

25 қазан Республика биыл жұмаға сәйкес келетіндіктен, қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер қазан айында жалпы 9 күн демалады. 

Республика күніне байланысты қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 25, 26, 27 қазан күндері демалады.

Ал алты күндік жұмыс аптасымен есептегенде: 25 қазан - демалыс, 26 қазан - жұмыс күні, 27 қазан - демалыс.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз