- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандықтар қай елге...
Қазақстандықтар қай елге көп ақша аударады?
Қазақстандықтар көбіне Ресей, Өзбекстан, Түркияға ақша аударады, деп жазады Finprom.kz.
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының аралығында Қазақстаннан шетелге 506 миллиард теңге жіберілген. Бұл осы мерзімге сай былтырғы көрсеткіштен тек 2,3% көбірек.
Қазақстаннан ең көп ақша Ресейге аударылған – 152,8 миллиард теңге. Одан кейін Өзбекстан – 104,4 миллиард теңге, үшінші орында Түркия – 65,1 миллиард теңге.
©finprom.kz
Қазақстанға ақша аударатындар арасында да бірінші орында Ресей тұр. Қаңтар мен қыркүйек аралығында көрші елден 102,6 миллиард теңге жіберілген. Екінші орында Оңтүстік Корея – 49,1 миллиард теңге, үшінші орында Өзбекстан – 22,5 миллиард теңге.
Қазақстанға ақша аудару 43,5 процентке азайған. Былтыр бұл көрсеткіш төрт есе көп болған.