Қазақстандықтар қандай салықтан босатылады? Министр жауап берді

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Салық кодексінен қандай төлем түрлері алып тасталатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бізде жүйе құрайтын екі-үш салық бар. Бұл корпоративті табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тау-кен салығы. Олар, әрине, қалады. Жарнамаға немесе тағы басқа нәрселер үшін алымдар қысқартылуы мүмкін", - деді қаржы министрі.

Премьер-министрдің орынбасары Үкімет деңгейіндегі талқылаудан кейін жақын арада барлық өзгеріс енгізілетін жаңа Салық кодексінің жобасы жарияланатынын айтты.

Айта кетейік, Президент 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында салық бақылауын толық цифрландыру және салық есеп нысандарын 30 пайызға қысқарту қажет екенін мәлімдеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!