Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады?

2026 жылғы желтоқсанда қазақстандықтарды Тәуелсіздік күніне байланысты қосымша бір күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

16 желтоқсан – мемлекеттік мереке. Биыл бұл күн сәрсенбіге сәйкес келгендіктен, тұрғындар апта ортасында демалады. Мереке жұмыс күніне түсіп тұрғандықтан, басқа күнге ауыстыру қарастырылмаған.

Желтоқсандағы жалпы демалыс саны жұмыс кестесіне байланысты:

  • бес күндік жұмыс аптасында – 9 күн;
  • алты күндік жұмыс аптасында – 5 күн.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!