Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов Қазақстанда жеке куәлікті курьер арқылы алу мәселесін қарастырып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жеке куәлікті (курьер арқылы алу – ескерту) мәселесін қарастырып жатырмыз. Мұндай да мәселе бар. Біз қосымша қызметті қарастырғанда бұл мәселе ІІМ-мен бірге талқылаймыз. Себебі, бұған қатысты ешқандай сұрақ туындамауы керек. Себебі, жеке куәлік – өте маңызды құжат. Мұны қазақстандықтар түсуіні керек. Мұнда адамның келісімін тіркеу қажет", - деді Әсет Тұрысов Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Айта кетейік, бүгін сенаторлар "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда мақұлдаған еді.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!