- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандықтар жеке куәлікті...
Қазақстандықтар жеке куәлікті 1 күн ішінде жасата алады
Қазақстанда жеке куәлік пен төлқұжатты жеделдетіп дайындаудың жаңа қызметі іске қосылмақ. Енді аталған құжаттарды Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында бір күнде жасатуға болады. Осы орайда, тиісті ережеге өзгертулер 2018 жылғы 23 шілдедегі Үкіметтің қаулысында енгізілген.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, Қазақстан республикасы азаматының жеке куәлігі Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында рәсімделген күннен бастап бір жұмыс күніне дейін жеделдетілген тәртіпте беріледі. Ал облыс орталықтарында үш жұмыс күнге дейін, сондай-ақ аудандарда, облыс қалаларында жеті жұмыс күніне дейін тапсырылады.
Мемлекеттік бажды есептемегенде, құжаттарды жедел даярлау қызметінің құны аталған төрт қала үшін 4 983 теңгені құрайды. Қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен соң қолданысқа енеді.
Massaget.kz